From Wikipedia, the free encyclopedia
Канн кинофестивалі (фр. Festival de Cannes)[1] – әр түрлі мемлекеттердің кино өнерінің жетістіктерінің байқауы. Канндағы (Франция) халықаралық кинофестивальдің алғаш ашылуы 1939 жылдың күзіне белгіленді, бірақ 2-дүниежүзілік соғыстың басталуына байланысты 1946 жылдың қыркүйегінде ашылды. 1951 жылдан сәуір – мамырда өткізіледі. Фестивальдің бас “Алтын пальма бұтағы” жүлдесі ең үздік толық метражды және ең үздік қысқа метражды фильмдерге беріледі. Сондықтан, Үлкен арнайы қазылар алқасы жүлдесі, үздік орындаған ер және әйел рөлдері, ең үздік режиссура, операторлық жұмыс, сценарий үшін жүлделер тапсырылады. Сонымен қатар қазылар алқасы тағы бір жүлдесін толық метражды фильмге және екі жүлдені қысқа метражды фильмдерге тапсыра алады. Канн фестиваліның шеңберінде халықар. сыншылар аптасы, тәжірибелік режиссерлік жұмыстарды, жаңа француз фильмдерін көрсету, кинорынок және т.б. өтеді. Ең үздік дебют үшін “Алтын камера” жүлдесі беріледі. 1998 жылы қазақ кинорежиссер Д.Өмірбаевтың “Киллер” фильмі Канн фестивалінің жас кино бағдарламасына қатысып, “ерекше көзқарас” жүлдесін иеленді.2001 жылы жас кино бағдарламасына Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі, режиссер Н.Түребаевтың қысқа метражды “Антиромантика” фильмі қатысты.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.